Хабарландыру! Музыка жетекшісі маманы қажет!
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшам ауданы, Жанкожа батыр көшесі 193 үйде орналасқан МКҚК «№164 бөбекжай-балабақшасына» «музыкажетекшісі» қызметіне педагогтарды қабылдауға конкурс өткізіледі.
Электрондық почта:164balabaqsha_
Тел: 380-87-63
«Музыкажетекшісі» маманының негізгі функционалдық міндеттері:
1)мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
2) музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
3) балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
2. Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжатттар талап етіледі:
1.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат
2. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
3.Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
7. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
3. Құжаттарды қабылдау хабарландыру берілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде іске асырылады.